• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Мамыр, 2018

 Павлодар облысының мемлекеттік архивінде 1 миллионға жуық құжат бар

329 рет
көрсетілді

Жыл сайын  31 мамыр жыл сайын қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтіледі. Бүгінде жұртшылық облыс орталығындағы  қуғын-сүргін құрбандары ескертішінің басына жиналып, гүл шоқтарын қоюда.

Тарих беттері ашылды. Облыс орталығындағы мемлекеттік архив басқармасында  саяси қуғын-сүргін кезеңіне қатысты  құнды мәліметтер сақтаулы. Архив қызметкерлерінің  айтуынша,  1989 жылдан бастап  сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың жеке тектік құжаттарын жинау басталыпты.

Сондықтан алдымен саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың істері мен құжаттарының жинағы жасалды. Жинаққа 400-ден аса негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар жөнінде деректер енген. 1999 жылы облыс мемлекеттік архиві  В. Болтина, Л. Шевелованың   «Азалы кітап. Атылғандар тізімі»  атты кітабын жарыққа шығарды.  Жалпы, кітапқа қуғын сүргінге ұшыраған, жастары  18-ден  82 жас аралығындағы 810 адам жайлы мәлімет бар.  

2014 жылы Мәскеудегі «Мемориал» халықаралық тарихи, қайырымдылық қоғамынан жергілікті облыстық архивіне саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар жайлы құнды құжаттар беріліпті. Ұрпақтары үшін ғибрат. Бұл құжаттардың бірінде Жүсіпбек Аймауытовтың қамауда болған кездегі фотосуреті бар.

Бүгінде облыс орталығында Алаштың айбарлы ұлы Жүсіпбек Аймауытовқа  ескерткіш орнатылған. Ұрпақтары  тәу етіп, тағзым жасауда.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

 Павлодар

Суретті түсірген Ермек Елемес